Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдері жойылсын:
1) Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 37 "Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7669 болып тіркелген) шешімі;
2) Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 39 "Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 "Карантин белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7699 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округінің әкімі | С. Бітімбай |