Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 124 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Esan Kazakhstan (Эсан Казахстан)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 6689,51 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Д. Ермағанбетов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 30 апреля 2024 года № 124

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории Кумсайского сельского округа Мугалжарского района общей площадью 6689,51 гектаров без изъятия у землепользователей, для разведки полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью "Esan Kazakhstan (Эсан Казахстан)", сроком до 25 августа 2029 года.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений по Мугалжарскому району" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование;

      2) размещение настоящего постановления на интернет ресурсе акимата Мугалжарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мугалжарского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Д. Ермаганбетов