"Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 4) тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы: 1) Энергетический ауылдық округі Өтеген батыр ауылдық округі болып өзгертілсін;
2) Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы Кенен Әзірбаев ауылы болып өзгертілсін;
3) Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы болып өзгертілсін;
4) Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы болып өзгертілсін.
2. Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің Қызыл-Ту-4 ауылы Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің Жібек жолы ауылы болып өзгертілсін. 3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін әкім орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихат төрағасы | Т. Байедилов |
Алматы облысының әкімі | М. Сұлтанғазиев |