Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы " Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес және 2024 жылғы 30 наурыздағы Іле ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырыстың № 2 хаттамасы негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Іле ауданы, Байкент ауылдық округі, Байкент ауылында орналасқан Ворошилов су бөгетінің серпінмен бұзылуына байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары А.Құрманғалиев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Қарасаев

Об объявлении объектовой чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Решение акима Илийского района Алматинской области от 2 апреля 2024 года № 1

      В соответствии подпункта 13 пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьи 48 и подпунктом 2) пункта 2 и статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", на основании протокола № 2 внеочередного заседания комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Илийского района от 30 марта 2024 года, аким района РЕШИЛ:

      1. В связи с прорывом плотины на Ворошиловском водохранилище расположенной в селе Байкент, Байкентском сельском округе, Илийского района, объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба назначить заместителя акима района Курмангалиева А.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Карасаев Б.