Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды жүзеге асыру;
15) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
16) Шымкент қаласында тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.".
2. "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "____"___________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтыру мәтіні
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1441 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды:
"13) Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы аясында іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
14) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй- жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды жүзеге асыру;
15) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
16) Шымкент қаласында тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.".