"Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 322 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 56 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты қызмет" кәсіптік стандартында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) асыл тұқымды мал – тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды мал;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Еңбек

      және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 февраля 2024 года № 56 "Об утверждении профессионального стандарта "Деятельность, связанная с искусственным осеменением животных"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 сентября 2024 года № 322

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 февраля 2024 года № 56 "Об утверждении профессионального стандарта "Деятельность, связанная с искусственным осеменением животных" следующее изменение:

      в профессиональном стандарте "Деятельность, связанная с искусственным осеменением животных", утвержденном указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) племенное животное – чистопородное животное, соответствующее стандарту породы и зарегистрированное в республиканской палате в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о племенном животноводстве;".

      2. Департаменту аграрной науки и образования Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      И.о. министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Бердалин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан