"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына, Абай облысы прокурорынының м.а. А.Уәлиевтың 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 2-50-24-06476 заңдлықтың бұзылуын жою туралы ұсынуына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIII "Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" шешімі және Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/116-VIII "Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5/35-VIII "Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі жойылсын.
2. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 2-50-24-06476 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс негізінде, Абай облысы жергілікті атқарушы органға (әзірлеуші-органға) ұсынылсын:
1) мемлекеттік органдардың интранет порталы жүйесінде (бұдан әрі – МОИП) "Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Абай облысы мәслихатының шешім жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірлеуге;
2) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шешім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен МОИП-да келісуге;
3) мүдделі органдармен және ұйымдармен келісу аяқталғаннан кейін, шешім жобасы МОИП арқылы түпкілікті келісуге Абай облысының Әділет департаментіне жолдауға;
4) Абай облысының Әділет департаментімен түпкілікті келісілгеннен кейін, әзірлеуші-орган шешім жобасын МОИП арқылы Абай облысы мәслихатының қарауына жолдауға.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай облысы мәслихатының депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |