"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін.
1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:
1) Ересектерге- 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
2) Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 40(қырық) теңге мөлшерінде;
2. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
1) Ересектерге- 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде;
2) Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
3. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
4. "Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Аягөз қаласы әкімдігінін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Татеновке жүктелсін.
Аягөз ауданының әкімінің міндетін атқарушы | О. Бекбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "____" _____