Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 1 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 2 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 05.11.2024 № 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 23 қыркүектегі № 01-12/373 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты "Бірлік" шаруа қожалығының, басшысы Мұздыбаева Роза, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты сауықтыру іс- шараларын жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешімге қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      Қопа ауылдық округінің әкімі Н. Жетибаев

Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Копинского сельского округа Аягозского района области Абай от 24 сентября 2024 года № 1. Утратило силу решением акима Копинского сельского округа Аягозского района области Абай от 5 ноября 2024 года № 2

      Сноска. Утратило силу решением акима Копинского сельского округа Аягозского района области Абай от 05.11.2024 № 2.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и на основании представления главного государственного ветеринарного инспектора Аягозского района от 23 сентября 2024 года №01-12/373, РЕШИЛ:

      1. Ввести ограничительные мероприятия для проведения оздоровительных мероприятий и ликвидации очага в связи с выявлением заболевания бруцеллезом среди крупного рогатого скота крестьянского хозяйства "Бірлік", глава Муздыбаева Роза, Копинского сельского округа Аягозского района области Абай

      2. Настоящее решения вступает в силу со дня подписания.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      Аким Копинского сельского округа Н. Жетибаев