Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 28 наурыздағы Абай облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және Бесқарағай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылдық округінің Бесқарағай ауылының "Советская" көшесі "Талғат Бигелдинов" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауылдық округінің әкімі | Ю.Слоницкий |