Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 20/374-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы 18-бабының 8, 9- тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2025 жылға Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма аудандық мәслихатының төрағасы М. Оспанбаев

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселков, сельских округов, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жарминского района на 2025 год

Решение Жарминского районного маслихата области Абай от 26 декабря 2024 года № 20/374-VIII

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлени в Республике Казахстан", пунктами 8, 9 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 12 статьи 56 Закона Республики Казахстан "О горударственной службе", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселков, сельского округа, за исключением лиц, занимающих руководящие должности, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жарминского района на 2025 год:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит для специалистов, прибывших:

      в сельские населенные пункты, являющиеся административными центрами района в сумме, не превышающей две тысячи пятисоткратного размера месячного расчетного показателя;

      в сельские населенные пункты в сумме, не превышающей две тысячи кратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель Жарминского районного маслихата М. Оспанбаев