Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылы Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы шешімінің 1 - тармағының үшінші, төртінші абзацтар қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Садыков |