Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 126 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылы және одан бұрын келіп, әлеуметтік қолдау шараларын алмаған, Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруғакелген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2024 жылы ұсынылсын:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит:ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық мәслихат төрағасы | Ш. Мұсабеков |