Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1. көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №92 шешіміне қосымша |
|
Ұлытау облыстық мәслихатының XIV сессиясының 2024 жылғы10 мамырдағы №131 шешіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі
1. "Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы" - "Этеплирсен" препараты;
2. "Муковисцидоз" - "Тобрамицин" препараты;
3. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Силденафил" препараты;
4. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Риоцигуат" препараты;
5. "Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит" - "Голимумаб", "Адалимумаб" препараты;
6. "Бехтерев ауруы" - Инфликсимаб препараты;
7. "Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура" - "иммуноглобулин G (адамның қалыпты)" препараты;
8. "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (атриальды фибрилляция)" - "Ривароксабан" препараты;
9. "Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозын облитерациялау" - ривароксабан препараты;
10. "Жүйелік склеродерма" - "Метилпреднизолон" препараты;
11. "Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" препараты;
12. "Басқа нақтыланған жүйелік зақымдану" - "Анакинра" препараты; 13."Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" - "Олодотерол" препараты;
14. "Ойық жаралы колит" - "Адалимумаб" препараты;
15. "Артропиялық псориаз" - Гуселькумаб препараты.