Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/02 "Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 72/01 қаулысы

      Ұлытау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/02 "Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190346 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мамандандырылған ұйым Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына электрондық құжат айналымы, пошта байланысы арқылы Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер

      қатынастары басқармасының кеңсесі арқылы қолма-қол осы Үлгілік қағидалар қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

      Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіне электрондық құжат айналымы арқылы осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауыл тауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:

      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;

      3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

      4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;

      5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;

      6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;

      7) осы қағидалардың 45-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.";

      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады";

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау"

Постановление акимата области Ұлытау от 21 октября 2024 года № 72/01

      Акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата области Ұлытау от 12 декабря 2023 года № 66/02 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 190346) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в области Ұлытау, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года №280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19123) и определяют порядок реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Специализированная организация представляют в Управление сельского хозяйства и земельных отношений области Ұлытау информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к настоящим Типовым правилам посредством электронного документооборота, почтовой связи, либо нарочно через канцелярию Управление сельского хозяйства и земельных отношений области Ұлытау.

      Управление сельского хозяйства и земельных отношений области Ұлытау в министерство сельского хозяйства Республики Казахстан предоставляет информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к настоящим Типовым правилам посредством электронного документооборота.";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. При предоставлении займа субъектам предпринимательства 70 (семьдесят) процентов бюджетных средств направляются на финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Субъект предпринимательства для выдачи займа определяется Комиссией.

      К субъектам предпринимательства для предоставления займа в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары устанавливаются следующие единые требования (критерии):

      1) наличие государственной регистрации в качестве юридического лица или индивидуального предпринимателя;

      2) отсутствие задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и обязательным пенсионным взносам в единый накопительный пенсионный фонд, за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан, на дату рассмотрения полученных документов от субъекта предпринимательства;

      3) отсутствие просроченной задолженности по кредитам (займам), предоставленным банками второго уровня, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций;

      4) наличие на праве собственности или ином законном основании (аренда/безвозмездное пользование/доверительное управление) инфраструктурного торгово-логистического комплекса, состоящего из складских помещений и помещений со специальным оборудованием, предназначенных для соответствующего хранения продовольственных товаров и выполнения закупочных, подготовительных, распределительных операций с продовольственными товарами;

      5) отсутствие в реестре недобросовестных участников государственных закупок;

      6) отсутствие неисполненных обязательств перед специализированной организацией, а также неисполненных обязательств по исполнительным документам, ограничений и обременений на имущество субъекта предпринимательства;

      7) наличие обеспечения исполнения обязательств в соответствии с пунктом 45 настоящих правил.";

      дополнить пунктом 46-1 следующего содержания:

      "46-1. В договорах займа в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары предусматриваются обязательства субъектов предпринимательства по формированию графика реализации социально значимых продовольственных товаров по согласованию со специализированной организацией, реализации социально значимых продовольственных товаров по фиксированной цене в полном объеме; предоставлению документов, подтверждающих факт реализации социально значимых продовольственных товаров.

      Неисполнение или ненадлежащее исполнение условий договора займа в части исполнения обязательств, указанных в части первой настоящего пункта, признается существенным нарушением договора займа.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Ұлытау.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Ұлытау Д. Рыспеков