Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 шешімі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 хаттамасы негізінде, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қаласының Ұлытау көшесі бойындағы № 52 тұрғын үй ғимаратының өртенуі нәтижесінде техногендік авариялық жағдайдың туындауына байланысты, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі № 52 үй мекенжайы бойынша объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 20.12.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің орынбасары А.С. Сыздыманов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласы әкімі М. Бурибаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба

Решение акима города Сатпаев области Ұлытау от 13 декабря 2024 года № 4.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", протоколом внеочередного заседания Сатпаевской городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайной ситуации № 4 от 5 сентября 2024 года аким города РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением техногенной аварийной ситуации в результате пожара здания жилого дома № 52 по улице Улытауская города Сатпаев, которая может повлечь за собой несчастные случаи и гибель людей, объявить на объекте по адресу: город Сатпаев, улица Улытауская дом № 52 чрезвычайную ситуацию объектового масштаба

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения акима города Сатпаев области Ұлытау от 20.12.2024 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Сатпаев Сыздыманова А.С.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официально опубликования.

      Аким города Сатпаев М. Бурибаев