2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №4 "Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сәтбаев қаласының Ұлытау көшесі бойындағы № 52 тұрғын үй ғимаратының өртенуі нәтижесінде техногендік авариялық жағдайдың туындауына байланысты, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі № 52 үй мекенжайы бойынша объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | М. Бурибаев |