Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84,85,86,87,88 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 63 бабына сәйкес, "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы "Жезқазған-Қарағанды" учаскесіндегі қайта жаңарту жобасын іске асыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес,жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күнінің бастау күні болып белгіленсін.
3. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі", "Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің аппарты", "Жаңаарқа ауданының Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппарты" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында қарастырылған осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер пайдаланушыларға мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
4. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы № 5/1 мекенжайдағы "Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.
5. "Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
6. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әбдіғожинға жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ. Қожықаев |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 16/01 қаулысына қосымша |
№ | Жер иеленушінің Т.А.Ә. | Кадастрлық № | Жер телімінің заңды мекен-жайы | Жер телімінің көлемі,га | Санаты |
1 | Оспанов Бауыржан Нажитович | 25-104-014-277 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 7,1615 | Жайылым |
2 | Бодыков Дюсенбай Жалгауович | 25-104-014-269 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 12,4219 | ТЖ жайылым* |
3 | Оспанов Бауыржан Нажитович | 25-104-014-272 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 20,8892 | ТЖ жайылым* |
4 | Култанов Темирхан Култанович | 25-104-014-270 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 13,2833 | Егістік |
5 | Рсалдин Ханислам Жумажанович | 25-104-014-266 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 2,6727 | ТЖ жайылым* |
6 | Жунусбеков Жубаныш Бейбитович | 25-104-014-271 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 13,4135 | Жайылым |
7 | Шагиров Меиржан Киякович | 25-104-014-268 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 10,2508 | ТЖ жайылым* |
8 | Тусупов Досым Кудайбергенович | 25-104-014-267 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 6,8401 | ТЖ жайылым* |
9 | Рсалдин Ханислам Жумажанович | 25-104-014-273 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 44,1491 | ТЖ жайылым* |
10 | Баязитова Шаис | 25-104-014-265 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 65,4548 | Жайылым-42,1714 |
ТЖ жайылым* -23,2834 | |||||
11 | Рахимбергенов Балтабай | 25-104-014-286 | Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о. | 49,9582 | Жайылым-18,8182 |
ТЖ жайылым *-31,1400 | |||||
12 | Куанышбеков Наурызбай | 25-104-030-393 | Жаңаарқа ауданы,Сейфуллин а.о. | 11,3419 | Жайылым |
257,837 |
*ТЖ-түбінен жақсартылған