Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың 2023-2025 жылдарға арналған тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 374 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына, "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 109-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестердің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 1 шешіміне, "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" бағыты бойынша 2023 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешіміне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2023 жылғы 18 мамырдағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың 2023-2025 жылдарға арналған тізбесі бекітілсін.

      2. "2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 249 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) іргелі ғылыми зерттеуді іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдармен жасалған шарттарға тиісті өзгерістер енгізуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді және Ұлттық ғылыми кеңестер шешім қабылдаған сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№374 бұйрығымен
бекітілген

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізімі

р/с

Атауы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

1.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (тарих саласындағы зерттеу)

2.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (философия саласындағы зерттеу)

3.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (тіл білімі саласындағы зерттеу)

4.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (археология саласындағы зерттеу)

5.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Р. Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шығыстану саласындағы зерттеу)

6.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (өнер, әдебиет саласындағы зерттеу)

7.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (механика саласындағы зерттеу)

8.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (математика саласындағы зерттеу)

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

9.

"Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (атом энергиясы саласындағы зерттеу)

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

10.

"В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты" акционерлік қоғамы (астрофизика саласындағы зерттеу)

11.

"Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (астрономия саласындағы зерттеу)


Об утверждении перечня организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования на 2023-2025 годы

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 374

      Примечание ИЗПИ!
Вступает в силу с 01.09.2024.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", пункта 109 приказа исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 6 ноября 2023 года № 563 "Об утверждении Правил базового и программно-целевого финансирования научной и (или) научно-технической деятельности, грантового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования", а также решения Национальных научных советов по приоритетам "Научные исследования в области естественных наук" от 24 февраля 2023 года № 1, "Исследования в области социальных и гуманитарных наук" от 27 февраля 2023 года № 1, протокола Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 18 мая 2023 года № 1, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования на 2023-2025 годы.

      2. Отменить приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 1 июня 2023 года № 249 "Об утверждении перечня организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования на 2023-2025 годы".

      3. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) внесение соответствующих изменений по ранее заключенным договорам с научными организациями, включенных в перечень на выполнение государственного заказа по реализации фундаментального научного исследования;

      2) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнения настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вступает в силу с 1 сентября 2024 года и распространяется на правоотношения, возникшие с момента принятия решений национальными научными советами.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

  Утвержден приказом
Министра науки и
высшего образования
Республики Казахстан
от 29 июля 2024 года № 374

Перечень организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования

№ п/п

Наименование

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

1.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области истории)

2.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт философии, политологии и религиоведения" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области философии)

3.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания им. А. Байтурсынова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области языкознания)

4.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт археологии имени А.Х. Маргулана" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области археологии)

5.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области востоковедения)

6.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области искусства литературы)

7.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт механики и машиноведения имени У.А. Джолдасбекова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области механики)

8.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт математики и математического моделирования" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (исследование в области математики)

Министерство энергетики Республики Казахстан

9.

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт ядерной физики" (исследование в области атомной энергии)

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

10.

Акционерное общество "Астрофизический институт имени В. Г. Фесенкова" (исследование в области астрофизики)

11.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Институт ионосферы" (исследование в области астрономии)