"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Алакөл және Панфилов аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 11 мамырдағы қорытындысы негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
1) Пенжім ауылдық округі мен Пенжім ауылы – Атамекен ауылдық округі және Атамекен ауылы;
2) Талды ауылдық округінің Лесновка ауылы – Талды ауылы болып қайта аталсын.
2.Алакөл ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірлігі:
1) Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылы – Төңкеріс ауылы болып қайта аталсын.
3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімінің м.а. | Ә. Жақанбаев |
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы | Г. Тойлыбаева |