Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 444-НҚ бұйрығы

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
бұйрығымен бекітілген

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-анықтамалық материал – жетекшілік ететін саланы дамыту бойынша сипаттаманы және статистикалық деректерді, оның ішінде өткізілетін мемлекеттік бастамалар мен басқа да іс-шараларды ақпараттық түсіндірулерді қамтитын мәліметтер;

      2) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) – мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметі қатысты мәселелер жөніндегі ақпараттарды таратуды жүзеге асыратын тұлға (бөлімше) (бұдан әрi – уәкiлеттi тұлға (бөлімше);

      4) медиа-грид – ерекше қоғамдық және саяси маңызы бар негізгі іс-шаралардың жоспар-кестесі.

2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      3. Мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) уәкілетті тұлғаны (бөлімшені) құрған (тағайындаған) кезде оның байланыс деректерін уәкілетті органға жібереді.

      4. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған ақпарат негізінде уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) туралы анықтамалықты қалыптастырады.

      5. Апта сайын бейсенбі күні уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай ақпараттық-анықтамалық материалдарды қоса бере отырып, алдағы аптаға арналған ақпаратты жібереді:

      1) іс-шараны өткізу күні, уақыты және орны;

      2) ұйымдастырушылар және олардың байланыс деректері;

      3) іс-шараны өткізудің мақсаты және міндеті;

      4) негізгі месседжилер;

      5) спикерлер (лауазымы, байланыс деректері);

      6) іс-шарадан нәтиже.

      Бірнеше орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты мәселелер туындаған кезде уәкілетті тұлға (бөлімше) өз құзыреті шеңберінде бірыңғай ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру және ақпаратты басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында одан әрі тарату үшін бір жұмыс күні ішінде ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

      6. Ұсынылған ақпараттар негізінде уәкілетті орган алдағы аптаға арналған апта сайынғы медиа-гридті қалыптастырады және бір жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

      7. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында уәкілетті орган уәкілетті тұлғадан (бөлімшеден) орталық мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды (мәліметтерді, әдістемелік әзірлемелерді, инфографикаларды, статистикалық және талдамалық материалдарды) сұратады.

      8. Ақпараттық-анықтамалық материалдарды уәкілетті тұлға (бөлімше) сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Бұқаралық ақпарат
құралдарымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі уәкілетті
тұлғаның (бөлімшенің)
масс-медиа саласындағы
уәкілетті органмен өзара
іс-қимыл жасау қағидаларына
қосымша
  нысан

Алдағы аптаға арналған ақпарат

(жылы, күні, айы,)

Мемлекеттік органның атауы

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі/ Жексенбі

Басты жаңалық










Об утверждении Правил взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 27 сентября 2024 года № 444-НҚ

      В соответствии с пунктом 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа.

      2. Комитету информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после подписания настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки и
высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по финансовому мониторингу

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли
и интеграции Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по стратегическому планированию
и реформам

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов
и ирригации Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционная служба)

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахста

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальная безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом

Правила взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" и определяют порядок взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) информационно-справочный материал – сведения, содержащие описание и статистические данные по развитию курируемой отрасли, в том числе информационное разъяснение проводимых государственных инициатив и других мероприятий;

      2) уполномоченный орган в области масс-медиа (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование в области масс-медиа;

      3) уполномоченное лицо (подразделение) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом в области масс-медиа – лицо (подразделение), осуществляющее распространение информации по вопросам, относящимся к компетенции государственного органа, а также его деятельности (далее – уполномоченное лицо (подразделение);

      4) медиа-грид – план-график ключевых мероприятий, имеющих особую общественную и политическую значимость.

Глава 2. Порядок взаимодействия уполномоченного лица (подразделения) по взаимодействию со средствами массовой информации с уполномоченным органом

      3. При создании (назначении) уполномоченного лица (подразделения) государственным органом (за исключением Службы государственной охраны Республики Казахстан) его контактные данные направляются в уполномоченный орган.

      4. Уполномоченный орган на основе предоставленной государственным органом информации формирует справочник об уполномоченных лицах (подразделении).

      5. Еженедельно по четвергам в уполномоченный орган направляется информация на предстоящую неделю по форме, согласно приложению к настоящим Правилам с приложением следующих информационно-справочных материалов:

      1) дата, время и место проведения мероприятия;

      2) организаторы и контакты;

      3) цель и задача проведения мероприятия;

      4) ключевые месседжи;

      5) спикеры (должность, контактные данные);

      6) эффект от мероприятия.

      При возникновении вопросов, относящихся к деятельности нескольких центральных государственных органов и местных исполнительных органов, уполномоченное лицо (подразделение) предоставляет в течение одного рабочего дня в уполномоченный орган информацию в рамках своей компетенции для формирования уполномоченным органом единой информационной повестки, и дальнейшего распространения информации среди других заинтересованных государственных органов и средств массовой информации.

      6. На основе предоставленной информации уполномоченный орган формирует еженедельный медиа-грид на предстоящую неделю и направляет в течение одного рабочего дня в средства массовой информации.

      7. В целях проведения государственной информационной политики уполномоченный орган запрашивает у уполномоченного лица (подразделения) информационно-справочные материалы (сведения, методические разработки, инфографики, статистические и аналитические материалы) о сфере деятельности центральных государственных органов (Генеральная прокуратура Республики Казахстан по согласованию) и местных исполнительных органов.

      8. Информационно-справочные материалы предоставляются уполномоченным лицом (подразделением) в течение одного рабочего дня со дня поступления запроса.

  Приложение
к Правилам взаимодействия
уполномоченного лица
(подразделения) по
взаимодействию со
средствами массовой
информации с уполномоченным
органом в области масс-медиа
  форма

Информация на предстоящую неделю

(день, месяц, год)

Наименование государственного органа

Понедельник

Вторник

Среда

Четверг

Пятница

Суббота/ Воскресенье

Главная новость