Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды-Теміртау суаққысын пайдалану және одан әрі реконструкциялау үшін, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 3,1850 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | О. Таурбеков |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 13/14 қаулысына қосымша |
"Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жалпы жария сервитут белгіленген аудан, гектар |
1 | "Qarmet" АҚ | 09-145-107-1826 | 3,0000 |
2 | АО ""Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ | 09-145-107-1795 | 0,1000 |
3 | "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" РММ | 0,0850 |