Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Балқаш қаласы әкімінің 2023 жылғы 08 маусымдағы "Балқаш қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2023 жылы 12 маусымында №182732 жарияланған) №1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С. Сатаев |