Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, 2024 жылғы 15 ақпандағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған №2500 - EL лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Балқаш қаласы, Саяқ кентінде орналасқан, ауданы 2653,3053 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2030 жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |