Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 27.03.2024 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 30.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының Саран қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Саран қаласы әкімінің орынбасары Дастан Ботабекович Арнешев тағайындалсын.
3. Саран қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Д.Б. Арнешев осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім 2023 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Баулыков |