Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС нің 20.08.2024 жылғы №ЗТ-2024-05070808 өтінішін негізге ала отырып, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Бақты және Томар ауылдық округтері жерінде уақытша айналма жол салу және оған қызмет көрсету үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, көлемі 0,2681 га жер учаскесі 2026 жылдың қыркүйегіне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы- "Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә.Арғынов |
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы "26" қыркүйектегі № 283 қаулысына Қосымша |
"Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | Қарқаралы ауданының Бақты а/о босалқы жер қоры | 09-133-031- | - | 0,1524 га |
2 | Қарқаралы ауданының Томар а/о босалқы жер қоры | 09-133-034- | - | 0,1157 га |
Барлығы: | - | 0,2681 га |