"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы | |
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты | Е. Сағымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
____________________
2024 ж. "___" _______
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №97/қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен жабдықтау нормалары
Р/с | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Қызмет ету мерзімі | Қолдану аймағы |
1 | Еден жууға арналған құрал | литр | 1 | 1 ай |
үй-жайдың |
2 | Кір сабын |
дана | 1 | 1 ай | |
3 | Сепкіші бар жиһазды тазалауға арналған құрал |
құты | 1 | 3 ай | |
4 | Дезинфекциялауға арналған құрал |
банка | 1 | 3 ай | |
5 | Кілем бұйымдарын тазалауға арналған құрал |
бөтелке | 1 | 6 ай | |
6 | Шыны және айна беттерін тазалауға арналған құрал |
бөтелке | 1 | 3 ай | |
7 | Қоқысқа арналған пакеттер (30 литр) |
орам | 4 | 1 ай | |
8 |
Қоқысқа арналған пакеттер |
орам | 3 | 1 ай | |
9 | Шүберек | метр | 2 | 1 ай | |
10 | Резеңке қолғап | жұп | 2 | 1 ай | |
11 | Щеткасы бар қоқысқа арналған қалақша | жиынтық | 1 | 1 жыл | |
12 | Саптамасы бар швабра | жиынтық | 1 | 6 ай | |
13 | Швабраға арналған саптама | дана | 1 | 3 ай | |
14 | Шаң тазалауға арналған шүберек | дана | 1 | 1 ай | |
15 | Жұмысшыларға арналған арнайы киім | жиынтық | 1 | 1 жыл | 1 техникалық қызмет көрсететуді қамтамасыз ететін жұмысшыға |
16 | Ауа сергіткіш |
құты | 1 | 2 ай | 1 санитарлық торап бөлмесіне |
17 | Унитаз тазалауға арналған құрал |
бөтелке | 1 | 1 ай | |
18 | Раковина тазалауға арналған құрал |
банка | 1 | 1 ай | |
19 | Қағаз орамал | орам | 10 | 1 ай | электр орамалмен жабдықталмаған 1 санитарлық торап бөлмесіне |
20 | Сұйық сабын | миллилитр | 200 | 1 ай | 1 раковинаға |
21 | Дәретхана қағазы | орам | 10 | 1 ай | 1 унитазға |