Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 04 наурызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Садовый ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 4 414,49 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "28" қазандағы № 96/02 қаулысына қосымша |
2024 жылғы 4 наурыздағы № 2524-ЕL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның шекарасындағы оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің (учаскелердің бөліктерінің) тізбесі.
№№ | Кадастрлық нөмірі | Учаскенің орналасқан жері | Учаскенің жалпы ауданы, га | Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га |
1. | 09-137-007 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Садовый ауылдық округі, Жаңатоған ауылы | 28,8480 | 28,8480 |
2. | 09-137-008-008 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Садовый ауылдық округі, "YUGER2023" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 4383,6420 | 4383,6420 |
БАРЛЫҒЫ | 4 414,49 |