"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққұм ауылдық округіндегі Шижаға елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің шығыс бетіндегі 1-қатарына Құдайберген Смановтың есімі;
2) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің батыс бетіндегі 1-қатарына Сұраған Мырзаевтың есімі;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққұм ауылдық округінің әкімі | Н. Жандаулетов |