"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Арал ауданы Райым ауылдық округі Қызылжар ауылының атауы жоқ көшесіне Жақсығұл Жалғасбаев атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Райым ауылдық округінің әкімі | У. Карауымбетов |