"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Жіңішкеқұм ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Арал ауданы Атанши ауылдық округі Жіңішкеқұм ауылының атауы жоқ көшесіне Наурызбай Әбубәкірұлы атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атанши ауылдық округінің әкімі | Е.Ізбасаров |