"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Беларан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Арал ауданы Беларан ауылдық округі Құланды ауылының батыс бетіндегі атауы жоқ көшесіне Санатбай Қуанышов атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Беларан ауылдық округінің әкімі | Т. Есенов |