Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә.Қошалақов |
Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы "25" қыркүйегіндегі №202 шешіміне қосымша |
Қармақшы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Тенге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 199,81 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2634,87 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
м3 - текше метр.