"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентіндегі 1 Май көшесі (Аманкелді Иманов және Абай Құнанбаев көшелерімен қиылысатын аралығы) "Серікбай Бедебеков" көшесі деп қайта аталсын.
2. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) атауы жоқ көшесіне "Мұратбек Сырлыбаев" көшесі;
2) атауы жоқ көшесіне "Ізтай Әбілдаев" көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | Е.Бахтияров |