"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шиелі кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі кентінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне Айдарбек Тұрғанбаев көшесі;
атауы жоқ көшесіне Тахир Пірімбетов көшесі;
атауы жоқ көшесіне Әбілмәжін Асанов көшесі;
атауы жоқ көшесіне Әбдіғаппар Молдабаев көшесі;
атауы жоқ көшесіне Уәлихан Әбубәкіров көшесі;
атауы жоқ көшесіне Бакан Дүйсенов көшесі;
атауы жоқ көшесіне Мәлібек Санаубаев көшесі;
атауы жоқ көшесіне Жақантай Қойбағаров көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Өмірәлі |