"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде, Әулиекөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынымы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің Лаврентьев ауылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің Жосалы ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |