Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2023 жылғы 19 маусымдағы № 257 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 19 ақпандағы | |
№ 71 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 19 маусымдағы | |
№ 257 қаулысына | |
қосымша |
2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі) | Жоғары оқу орындарында бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге) | |
2023 жыл | 2024 жыл | ||||
1 | 6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6B011 Педагогика және психология | 4 | 300 333 | 672 067 |
2 | |||||
3 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 2 | 300 333 | 672 067 | |
4 | |||||
5 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 1 | 300 333 | 672 067 | |
6 | |||||
7 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 8 | 300 333 | 672 067 | |
8 | |||||
Барлығы | 15 | ||||
9 | 7R09 Денсаулық сақтау (медицина) | Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | 6 | 559 560 | 1 086 780 |
10 | Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың | 6 | 559 560 | 1 086 780 | |
11 | Кардиология ересектердің, балалардың | 6 | 559 560 | 1 086 780 | |
12 | Радиология | 9 | 559 560 | 1 086 780 | |
13 | Онкология ересектердің | 5 | 559 560 | 1 086 780 | |
14 | Психиатрия ересектердің, балалардың | 4 | 559 560 | 1 086 780 | |
15 | Сот-медициналық сараптама | 4 | 559 560 | 1 086 780 | |
16 | Фтизиатрия ересектердің, балалардың | 5 | 559 560 | 1 086 780 | |
17 | Неврология ересектердің, балалардың | 3 | 559 560 | 1 086 780 | |
18 | Педиатрия | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
19 | Оториноларингология ересектердің, балалардың | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
20 | Травматология - ортопедия ересектердің, балалардың | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
21 | Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
22 | Гематология ересектердің | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
23 | Нейрохирургия ересектердің, балалардың | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
24 | Гастроэнтерология ересектердің, балалардың | 2 | 559 560 | 1 086 780 | |
25 | Эндокринология ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
26 | Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
27 | Неонатология | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
28 | Офтальмология ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 163 940 | |
29 | Патологиялық анатомия | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
30 | Нефрология ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
31 | Ревматология ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 086 780 | |
32 | Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың | 1 | 559 560 | 1 163 940 | |
Барлығы | 70 |