Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 336, № 337, № 338, № 339, № 340, № 341, № 342, № 343 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2024 жылғы 14 тамыздағы | |
№ 1401 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 96, жалпы алаңы 0,0320 гектар, "Пролетарская көшесі, 96 бойынша су құбыры" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
2. Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 108/1, жалпы алаңы 0,3327 гектар, "Маяковский көшесі, 108/1 бойынша 59 пәтер тұрғын үйге сыртқы су құбыры" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
3. Қостанай қаласы, Жылыжай комбинаты, жалпы алаңы 3,6509 гектар, "Жылыжай комбинатының тұрғын үйлеріне су құбырының сыртқы желілері" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
4. Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесімен 19 август көшесіне дейін Уәлиханов көшесі, жалпы алаңы 0,8680 гектар, "Баймағамбетов көшесімен 19 август көшесіне дейін Уәлиханов көшесінің су құбыры" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
5. Қостанай қаласы, Северная көшесі, 18 а, жалпы алаңы 0,5406 гектар, "Северная көшесі, 18 а бойынша сыртқы канализация" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
6. Қостанай қаласы, Сибирская көшесінен Таран көшесіне дейін Баймағамбетов көшесі, жалпы алаңы 5,4447 гектар, "Сибирская көшесінен Таран көшесіне дейін Баймағамбетов көшесінің суағары" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
7. Қостанай қаласы, Чкалов көшесі Автовокзалға дейін, жалпы алаңы 1,3561 гектар, "Чкалов көшесінен Автовокзалға дейінгі магистральдық су құбыры желілері" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
8. Қостанай қаласы, жылу электр орталығына дейін Гоголь көшесі, жалпы алаңы 1,2711 гектар, "жылу электр орталығына дейін Гоголь көшесі бойынша су құбыры" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін.