Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, Ольховая көшесі мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,2500 га;
Рудный қаласы, Ленин көшесінен Парк көшесіне дейінгі И. Франко көшесі мекенжайы бойынша кәріз желілерін қайта жаңарту және пайдалану мақсатында көлемі 0,5415 га;
Рудный қаласы, Балықты көшесінен Строительная көшесі, 73 құрылысқа дейінгі мекенжайы бойынша екінші су тартқыштың сорғы станциясынан төртінші су тартқыштың сорғы станциясына дейінгі су құбырының учаскесін кайта жаңарту мақсатында көлемі 2,7452 га;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |