Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 98 "Арқалық қаласы әкімдігінің мемлекеттік жалға берілетін үйлердегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" "Арқалық қаласы әкімдігінің мемлекеттік жалға берілетін үйлердегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыпта және 1-тармақта "тұрғын үй" деген сөз тіркесі "тұрғынжай" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің коммуналдық мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасарына жүктелсінн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Асанов |