"Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 473 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылының (елді мекен шегінен тыс) аумағында орналасқан жалпы алаңы 10 гектар жер учаскесіне бір жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Асанов

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "Караганды жолдары"

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 5 декабря 2024 года № 473

      В соответствии со статьями 18, 69 и 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан и статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "Караганды жолдары" публичный сервитут для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых на земельный участок общей площадью 10 гектаров, расположенный на землях села Жалгызтал (за пределами черты населенного пункта) города Аркалыка Костанайской области, сроком на один год.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата города Аркалыка" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата города Аркалыка после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Аркалыка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города А. Асанов