"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 01-22/71 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ауыл шаруашылығы жануарларына клиникалық тексеру жүргізуге байланысты Агдавлетова Рыскуль жеке ауласында ірі қара малдың құтыруы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын, жануарлар тұрған үй-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізілді.
2. Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы әкімінің 2023 жылғы 15 желтоқсанғы № 10 шешімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ШЕШІМІ күші жойылған деп танылсын.
3. "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" ММ интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Р. Едресов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті
Әулиекөл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Ж. Тургумбаев
2024 жылғы "___" ___________________
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
басшысы
_______________________ А. Тайшибаев
2024 жылғы "____" __________________