"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 01-22/36 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі Юльев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 2 шешімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 180253 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қ. Шарипов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті
Әулиекөл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Ж. Тургумбаев
2024 жылғы "___" __________________