Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Әулиекөл аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 35 отырысының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Тимофеев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сосновка, Бағаналы, Москалевка, Қазанбасы, Тимофеев ауылдарын қосып, Әулиекөл АГРС-тен Тимофеев ауылына газ тарату желілерін салу" инвестициялық жобаны іске асыру негізінде, "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Басқармасы" мемлекеттік мекемене газ құбырын төсеу және пайдалану үшін ауданы 7,6000 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тимофеев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Нсанбаев |