Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 6 тамыздағы № 729-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "АХ-СУЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы, Әйет ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы аланы 453,0089 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "АХ-СУЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының әкімі | Қатпаев Р.Ж. |