Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан, 60 ғимарат мекенжайында орналасқан, ауданы 0,0166 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі | М. Ордашев |