Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Белозер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне су құбыры желілерінің құрылысы үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Белозер ауылдық округі, Белозер ауылы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 5,41 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін:
- ауданы 0,68 гектар 2-ші көтергіш сорғы станциясын жобалау және салу үшін;
- ауданы 4,73 гектар тарату су құбыры желілерін жобалау және салу үшін.
2. "Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Мусапиров |