Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Заречный ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 18 - р "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы үшін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізілсін. өзгертуге байланысты аталған шешімнің 1-тармағында "1,35 гектар" жер учаскесінің ауданы "0,0972 гектар" болып өзгертілсін.
2. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны әкімдік ауданының интернет-ресурсына орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заречный ауылдық округінің әкімі | О. Өмірзақов |