Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы B2G сегменті үшін ТОБЖ құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін орнату, қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылдық округі, Озерный ауылы, Пушкин көшесі, аумағында орналасқан, көлемі 0,0672 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2. Қостанай ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің "Жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы" 2023 жылғы 17 қарашадағы № 11 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Бермухамедов |