"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 01-27/416 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі Красная Пресня ауылының жеке секторының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Е. Әуезханов |